Шымкентте 11 жасар балаға зорлық көрсеткен ер адамның видеосы елді шошытты

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Шымкентте "11 жасар баланы зорлап кетті" деген азғынның видеосы тарап кетті. Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, педофилден абай болуға шақыруда деп хабарлайды NUR.KZ.

Азғын
Фото: Көрнекі сурет: UGC

Видео авторының айтуынша, жаға ұстарлық жағдай бірінші шілде күні күндізгі уақыттарда болған. Жасы 35-45-тер шамасындағы азамат жас баланы 18 шағын аудандағы көп қабатты үйлердің біріндегі подъезге кіргізіп, киімін шешкен. Видео авторы арада біраз уақыт өткен соң, подъезге егде жастағы азаматша кіріп ер азаматты қуып шыққанын жазған.

Күдіктінің суреті әлеуметтік желілерде анық көрсетілген. Қазір полицейлер күдіктіні жан жақты іздеcтіріп жатыр. Куәгерлердің бірі жас балаға азғындық көрсеткен ер азаматты 11-шағын аудандағы дүкендердің бірінен көріпті.

Ал педофилден қорлық көрген 11 жастағы балаға дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен. Қазір ол ата-анасының қасында.

Жергілікті билік өкілдері мен құзырлы орган қызметкерлері болған жағдай бойынша жан жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740035-symkentte-11-zasar-balaga-zorlyk-krsetken-er-adamny-videosy-eldi-sosytty/