Мұнайлы өлке Маңғыстаудың тойында ақшаны уыстап шашқандар елді таңғалдырды (видео)
Опубликовано:
Беташар тойда ақшаны уыстап шашқан Маңғыстау тұрғындары көпшілікті таңғалдырды. Батыс Қазақстанның бұл салтын көрген желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқыға салды деп хабарлайды KYN.KZ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Видеодағы ақшаға таласқан жастар мен үлкендердің әрекетін оқырмандар сынап тастады.
"Масқара. Ақшаны шашатын жері болмаса, жетімдерге берсін", "Үлкендерге не жоқ, үлкендермен таласып?", "Біреу тойып, біреу тоңып секірген заман болды ғой".
"Жетімдерге бөліп берген дұрыс шығар", "Мына қылықтары ерсі екен", "Еліктеген қазағым-ай" деді оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740292-mnajly-lke-magystaudy-tojynda-aksany-uystap-saskandar-eldi-tagaldyrdy-video/