Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт әйелім бар" деп шулатқан Сары әулие өзі туралы шындықтың бетін ашты

Опубликовано:

Сонау 90-шы жылдары "Сары әулие" атымен танылған Марат Есенбаевтың емшілік қасиетіне біреулер имандай сенеді, ал енді біреулер күмәнмен қарайды. Стадионға мыңдаған адам жинап, сеанс жүргізіп, әйгілі емшіге айналған ол жақында халықаралық «Құрмет» орденімен марапатталды деп хабарлайды Zamana басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атақты емші "Сары әулие" Эливаета ханшайымның сый-құрметіне ие болған
Атақты емші "Сары әулие" Эливаета ханшайымның сый-құрметіне ие болған: UGC

Марат Есенбаевтың жаңалығын жариялаған газет тілшілері емшінің өзінен сұхбат алған.

"Менің кеудеме тағылған соңғы орден Франция елінен арнайы келді. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы кеңесшісі, генерал-майор, академик Әбен Нұрманов мырзаның өзі табыстады. Дәл осы марапатпен қатар теология ғылымдарының профессоры атағын алдым.

Жалпы, мен атақ-марапаттан кенде емеспін. Бұған дейін ағылшын патшайымы Элизавета ханымның сый-құрметіне ие болғанмын. Түрлі халықаралық конференцияларда, дүниежүзілік конгрестерде де кеудеме ордендер тағылған.

Медаль, грамоталар да баршылық. Бірақ олардың ешбірін текшелеп жинап жүрген жоқпын. Өйткені менің еңбегіме ешқандай баға жетпейді. Мен өз ісімді Алланың ризашылығы үшін істеймін. Халыққа пайдам тисе, ең үлкен марапат – сол", - деген Есенбаев қазіргі өмірі туралы да айтып берді.

"Мен шет елдерде көп боламын. Елге келгенде де бір орында тұрақтамаймын, өңірлерді аралайтын кезім көп.

Себебі адамдар емге келіңіз деп шақырады. Алдын-ала жазылады. Ал былайша, өзім Алматыда тұрамын. Атырауда бір шаңырағым бар. Ол жаққа жылына екі-үш мәрте барып тұрамын.

Тұрмыс жағдайым жайлы сұрап отырсыз, айтайын. Осыдан 5-6 жыл бұрын Күләш есімді көмекшімнің ұлының басына іс түсті. Соған байланысты мен бүкіл дәулетімді сатып, ақшасын Күләштің ұлына ұстаттым. Осы себепті қазір баспанам жоқ.

Пәтер жалдап тұрамыз. Ешқандай кәсіп жоқ. Бары – осы", - деп ағынан жарылды емші.

Сондай-ақ, Марат Есенбаев өзінің әйеледрі туралы "ерекше эксклюзивті мәлімдеме" жасап, бар шындықтың бетін ашты.

"Осы уақытқа дейін жұрт мені көп әйелі бар азамат ретінде танып келді. Бірақ бұл шындығында олай емес. Яғни менің ел ойлағандай 3 әйелім жоқ.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бір топ журналистер: «Сарыеке, Ислам дінінің мәртебесін көтеру үшін қоғамда көп әйел алған танымал тұлғалар, саясаткерлер жайлы жазайық деп едік. Бірақ олар әйелдерін жасырғысы келеді, жария болғанын қаламайды. Қорқады. Осы себепті ел алдында сізді көп әйелі бар азамат ретінде көрсетсек. Үлгілі отбасын құрған, бірнеше әйелмен тату-тәтті тұратын адам ре­тінде сізді көрсетейік», – деп өтініш айтты.

Мен бірден келістім. «Ислам дінінің абыройы үшін, қоғам үшін» дегесін өзімнің имиджімді, тіпті осы уақытқа дейін жинаған абыройымды да ойламадым. Бірақ ол үшін еш өкінбеймін.

Осы әңгіме тарағаны расында да сол кезде біздің қоғамға керек еді. Кейбір екі әйелі бар, бірақ оны паш етуге ұялатын әкімдерге, депутаттарға үлгі болды. Осыдан кейін оларда батылдық пайда болды.

Қысқаша айтар болсам, менің үш немесе төрт отбасым жоқ. Бірінші әйелім Қанағат Мағжанқызы қайтыс болған. Содан кейін мен үйленбедім. Тек араға бірнеше жыл салып барып Гүлиярды жолықтырдым. Ол – менің өмірлік серігім", - дейді Есенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740307-trt-jelim-bar-dep-sulatkan-sary-ulie-zi-turaly-syndykty-betin-asty/