"Өзіміз екен": Қазаққа келін болған орыс қызы өмірі туралы айтып берді (фото)
Опубликовано:
Владивосток тумасы Анна 10 жыл бойы Жапонияда жұмыс істеген. Сол кезде ол қазақстандық болашақ жарымен танысыпты. Өзінің тәжірибесі жайлы ол "орыс келін" деген атаумен Facebook пен Instagram-да жазады деп хабарлайды NUR.KZ.

Анна - 33 жаста. Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапон теңізімен шайылып жатқан Владивосток қаласында дүниеге келген.
"Кейде теңізді, балық пен теңіз тағамдарын сағынамын. Алайда, балаларымның саны көбейген сайын ол жаққа бару да жиілеп кетті".
Ол күншығыс елінде болашақ қазақ күйеуімен таныстығын тағдыры деп біледі. Анна Жапонияда оқу оқып, жұмыс істеген және болашақ ғұмырын осы елмен байланыстырмақ болған, алайда бәрі басқаша орнады.

"Жапонияға алағаш келгенімде басқа әлемге түскендей болдым. Жапондардың еңбекқорлығы ерекше таңғалдырды. Бірақ мені қынжылтқан тұсы - жұмыскерлердің өз отбасы мен балаларына дұрыс көңіл бөле алмауы.
Осы елде бізді күйеуімізбен табыстырған кездесуді тағдырым деп білемін. Өздеріңіз қараңыздаршы, 10 жыл жапон тілін оқып, Жапонияға көшіп, онда қазақ жігітін кездестірген соң Қазақстанға көшіп кетіп, жапон тілін ұмытып та қалдым.
Қазір біздің үш ұлымыз бар. Туыстарымызды ренжітпес үшін балаларымызға есімдерді өзіміз ойластырдық".
Біздің елде Анна 10 жылдан астам уақыт тұрып келеді. Ол Қазақстанға көшпес бұрын шығыс елдері секілді жабық елді көремін деп ойлаған.

"Қазақстан заманауи, ашық әрі көпұлтты мемлекет болып шықты. Мені ақжарқын, тез тілтабысқыш әрі қонақжай (әсіресе, күйеуім) адамдар тәнті етті. "Өзім" екенімді тез сездім. Жолдардағы жапон көліктерінің көптігі де, биік таулар мен әдемі ақшалар таңғалдырды.
Қазақ тағамдарының ішінде мереке күндерінде бешбармақты ұнатамын. Шұжық орнына жұмыс күндері жая жесек, қонақтарға арнап манты, орама-нан, балаларға кеспе даярлаймын. Тек мына нәрсеге үйрене алмай келемін: Алматының түтіні мен Владивостокқа тікелей апаратын рейс".
Аннаның айтуынша, оның туыстары Қазақстанда тұруына еш қарсылық танытпаған, ал күйеуінің отбасы орыс келінді жылы қабылдапты.

"Менің ата-анам - демократиялы адамдар. Бірнеше жыл Жапонияда өмір сүргендіктен, олар менің шетелде тұрып, шетел азаматына тұрмысқа шығуыма моральдық тұрғыдан дайын болды.
Күйеуімнің отбасындағы мен бірінші славян келіні емеспін, сондықтан мені бірден жылы қабылдады. Жапонияда мен еңкеюді үйрендім, сондықтан болар, күйеуімінің туғандары мен "сәлем" салып жатыр деп ойлап қалады.
Иә, кейде отбасымызда батыс пен шығыс соқтығысып қалып жатады. Мысалы, мен кешкі асқа бешбармақ пен манты ұсынсам, ол "балық болсын" деп айтып жатады. Мен айтамын: "Тойға кеттік. Туыстарымыз шақырды ғой" деп, ал ол болса: "Бармай-ақ қойсақ ше? Біз оларды танымаймыз да ғой", - дейді.
Анна қазақ тілін тұрмыстық деңгейде біледі. Алматыға келгеннен бастап бірден жергілікті тілді үйрене бастағанын айтады.

"Менің алғашқы ұстаздарым МАИ қызметкерлері, такси жүргізушілері, жеміс-жидек сатушылары мен КИМЭП магистратурасындағы курстастарым болды.
Ол жақта мен шынайы достарды, ақылды әрі оқыған азаматтарды таптым. Олар кем дегенде үш тілде сөйлейді, ішпейді, шекпейді. Өз елінің салтымен бөлісіп, бауырсақтарын береді.
Кейін репетитормен бірге курс та оқыдым, соңғы жылдары тастап кеттім. Бірақ қазір балаларыммен бірге сөйлесу кезінде әрі әлеуметтік желі арқылы үйреніп келемін", - дейді ол.
Орыс келіннің айтуынша, қазақ отбасының көп ерекшеліктері ұнайды екен.
"Көп нәрсе ұнайды, ең ерекшесі - үлкендерге деген құрмет пен егде тартқан адамдардың әлеуметтік белсенді өмірі.
Мен де өз әжемнің, қазақ апайлары секілді, әдемі тігілген камзолымен елдің түкпір-түкпіріндегі тойларға саяхаттап барғанын қалаймын. Оның жастарға бата беріп, құрметті орында отырғанын көргім келеді. Меніңше, бұл - керемет".
Журналист: Алтын Нығман
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740330-zimiz-eken-kazakka-kelin-bolgan-orys-kyzy-miri-turaly-ajtyp-berdi-foto/