Өскеменде тал түсте атылған мылтық даусы тұрғындарды шошытты
Опубликовано:
Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылында тапа-тал түсте оқ атылды, деп хабарлайды Алтайньюс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қала тұрғынының айтуынша, 14.00 сағат шамасында Тәуелсіздік даңғылындағы №41-ші үйдің маңайынан мылтық даусы естілген.
Аталмыш мекен-жайға келіп жеткен полиция анықтағандай, қаланың 36 жастағы тұрғыны пневматикалық винтовкасын сынап көру мақсатында пәтерінің терезесінен бірнеше дүркін аспанға оқ атқан.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік іс сотқа жіберілген. Қауіпті әрекетке барған тұрғын 20 АЕК көлеміндегі айып пұл төлеуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740870-skemende-tal-tste-atylgan-myltyk-dausy-trgyndardy-sosytty/