Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 15 жылдан бері қаңырап тұрған коттеджді елес кезіп жүргені рас па?

Жарияланған күні:

Ақтөбедегі Келешек ауданында 15 жылдан бері бос тұрған коттедж көпшілікке үрейін туғызып жүр. Қараусыз тұрған үйге қорқынышпен қарайтындар көп деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бос тұрған коттедж
Бос тұрған коттедж: UGC

Тұрғындар арасында бос тұрған үй туралы түрлі аңыздар тарап кеткен.

"Бұл үйді сатуға қойғандарына 10 жылдан асты. Алған адам көп кідірмейді. Жақсы емес деп естідім. Елестері бар. Ол үйді ешкім алмайды. Сол жерде құдаларым тұрған болатын. Көп ұзамай көшіп кетті", - дейді Мұрат есімді тұрғын.

Ал көршілердің сөзінше, бұл үйге көшіп келген адам көп тұрақтамайды екен.

"Үй қараусыз тұрғасын да азып кетті. Осы үйде кірген адамның еңсесін басатын бір күш бар деп естідім. Түнгі уақытта ол үйде қалған адамның мазасы кетеді екен. Бұл үйге келген адамдар ештеңе деместен ұзамай көшіп кетіп жатады", - дейді көршілері.

Коттедждің әлеуметтік желілер арқылы арзан бағаға саудаға қойылғанына да көп болды. Көпшілік көршілерден естіген әңгімеден кейін сатып алуға жүрексінеді.

"Бұл үйде бұрын беделді адамдар тұрды. Кейін олар сатқаннан кейін адам тұрақтамайтындай болып бүлінді. Естуімше, бір алаяқ әйел үйдің бірнеше құжатын жасап жеті адамға сатып жіберген. Соңында соттасып екі қожайын қалды деп естідік. Енді сол екеуі бұл үйді бөлісе алмай жүр. Үлкен үй болғанымен ішінде адам қызығатын ештеңе жоқ. Аурасы нашар", - дейді көршілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741227-aktbede-15-zyldan-beri-kayrap-trgan-kottedzdi-eles-kezip-zrgeni-ras-pa/