Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Интерпол алматылық әйелдің ұрланған балаларын Малайзиядан іздестіріп жатыр

Опубликовано:

Малайзия полициясы мен Интерпол туған әкесі алып қашып кеткен қазақстандық балақайларды іздестіріп жатыр деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Сурет: tvc.ru
Коллаж: NUR.KZ. Сурет: tvc.ru: UGC

Малайзия азаматы 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан азаматшасымен некеде болған. Олар 2017 жылдың 14 тамызында ажырасып кетіпті. 2015 және 2016 жылдары туылған балалары бар екен. Әкесі балаларын Малайзияға 2018 жылдың сегізінші наурызында өзімен бірге алып кеткен.

Коллаж: NUR.KZ.
Коллаж: NUR.KZ.: UGC

Балаларды іздестіру шараларын ұйымдастыру мақсатында қазақстандық тарап малайзия полициясы мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында малайзиялық тарапқа арнайы құжаттар тапсырылған болатын.

Қазіргі кезде Малайзия полициясы мен Интерпол құжаттарды зерттеп, балаларды іздестіру шараларын жалғастырып жатқан көрінеді.

Бұл мәселе Малайзиядағы Қазақстан елшілігінің жіті бақылауында.

Аталған балалар Малайзияда туылғандықтан сол елдің азаматтығында екен. Малайзия заңына сәйкес, аталмыш куәліктер көрсетілген жағдайда шетелдегі Малайзия дипломаттары қайтару туралы куәліктерді бере алады.

Алайда балалар әжесінің қорғаушысының айтуынша, екі баланың бірі Малайзияда дүниеге келген, ал екінші бала Қазақстанда туылған және екеуіне де қазақстандық туу туралы куәліктер беріліпті.

Халықаралық ықпалдастық департаментінің басшысы редакция сұранысы министрліктерге қаралу үшін жіберілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741939-interpol-almatylyk-jeldi-rlangan-balalaryn-malajziadan-izdestirip-zatyr/

pixel