Шымкенттік емші дұға арқылы жас түлекке 126 балл алып берген
Опубликовано:
Түркістан облысы, Достық ауылының тұрғыны Хамит Қыдырбайұлы есімді емші мектеп түлегіне жоғары баллды дұғамен алып бергенін ашық айтты деп хабарлайды Zamana.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Емші бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күресіпті. Кейін адамдарды емдей бастаған соң сырқатынан айығып кеткен.
"Мені қазір жұрт біледі, үйге басы ауырып, балтыры сыздап дегендей түрлі дерт мазалағандар, баласының ыстығы түспей жатқандар келіп, ем алады, яғни мен дем саламын. Әрине, бұл менің негізгі кәсібім емес, жұмыстан қол боста келген адамдарға көмегімді көрсетіп тұратыным бар", - дейді емші.
Хамит өзінің бойындағы қасиетінің неден екені білмейтін көрінеді. Ол қолында биоөріс болғандықтан адамдардың бойындағы сырқатты сезетінін айтты. Емші, сондай-ақ алдына келген адамдардың жолын ашып, дұғалап беретінін де баяндап берген.
"Жол ашатыным бар, жолын ашқызғысы келген қыздар да маған оқытылып тұрады. Өткенде бір бала ҰБТ-ға қатысты оқытылған еді, сынақтан 126 балл жинады, ол үшін әке-шешесі келіп, алғысын білдіріп кетті", - дейді Хамит.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742055-symkenttik-emsi-dga-arkyly-zas-tlekke-126-ball-alyp-bergen/