Шымкентте өртеніп кеткен көліктердің шығынын кім толтыратыны анықталды
Опубликовано:
Шымкенттегі 45 автокөлік жанып кеткен айыппұл тұрағының бастығы жапа шеккендерге залалды кім төлеп беретінін айтты деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әбдіқадыровтың айтуынша, 10 автокөліктің ішінде алтауы айыппұл тұрағында үш жылдан аса мерзім бойы тұр екен. Осы уақыт аралығында көліктер қоқысқа айналып үлгерген, ал иелері болса көліктің құнынан жоғары сомаға қарызданып қалыпты.
Қалған төрт көлік айыппұл тұрағына жақында ғана келген және олардың шығынын толықтай мекеме көтеретін көрінеді.
Еске салайық, бүгін, 15 шілде күні, Шымкенттегі айыппұл тұрағында 45 автокөлік жанып кеткен еді.Олардың ішіндегі 35-і жою үшін тұрған, ал қалғандары айыппұл төлеуге міндеттілердің меншігі болыпты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742285-symkentte-rtenip-ketken-klikterdi-sygynyn-kim-toltyratyny-anyktaldy/