Түркістан облысында жүк көлігінде суға шомылғандар жұртты таңғалдырды (видео)
Опубликовано:
NUR.KZ оқырманы редакцияға жүк көлігінде шомылған ер азаматтардың видеосын жіберіп, қызықты оқиға жайлы мағлұмат берді.

Оқырманның жіберген видеосында орталық алаңда жүк көлігінің кузовына су толтырып алған ер жігіттер оны өздеріне хауыз етіп алғаны көрінеді.
Жылжымалы бассейнде шомылған ер адамдар Арыс қаласының көшелерін аралауға кіріскен.
Оқиғаны бейнекамереға түсірген ер азамат суды жан-жаққа шашпауды сұрады. Ал суға рахаттанып шомылғандар болса бір-бірін мақтап әлек болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742422-trkistan-oblysynda-zk-kliginde-suga-somylgandar-zrtty-tagaldyrdy-video/