Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдай аузына салды: Денистің көзі тірісінде берген сұхбаты көпшіліктің көңілін босатты

Опубликовано:

Мезгілсіз қаза болған танымал спортшы Денис Теннің көзі тірісінде берген сұхбаттарының бірі желіде тарап, көпшіліктің көңілін босатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Денис Тен сұхбат барысында өзін мұз айдынында әзірге тек 25 жасына дейін көретінін айтып, мәнерлеп сырғанау өнеріне өз өмірін құрбан еткенін сөз еткен.

"Сұхбатты алғаш көргенде есеңгіреп қалдым. Денистің қазасы туралы естігенде де осындай күйге түскен едім", "Иманды болсын", "Өте өкінішті, неге 50-ге дейін демеді екен?", "Құдай аузына салып тұр ғой", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Айта кетейік, Денис Тенді көлігінің айнасын ұрламақ болған екі азамат пышақтап кеткен болатын. Ауруханаға жетемін дегенше үш литрдей қан жоғалтқан азаматтың өмірі үшін дәрігерлер күрескенімен, аман сақтап қала алмады. Мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Денис Тен 25 жасында өмірімен қош айтысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743574-kdaj-auzyna-saldy-denisti-kzi-tirisinde-bergen-shbaty-kpsilikti-kilin-bosatty/

pixel