Шымкенттік әкім халықпен кездесуді қымбат мейрамханада дүркіретіп өткізді (фото)
Опубликовано:
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов тұрғындармен кездесуді қымбат мейрамханада өткізгенді жөн көріпті. Мейрамханаға шақырылған тұрғындардың алдына табақ-табақ ет және тәттілер қойылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Кездесу туралы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасында жазылды.
Кездесуге тұрғындардан бөлек зиялы қауым өкілдері де келген.

Ауданның жаңа әкімі аудан тұрғындарымен жақын танысып, ардагерлердің батасын алуды құп көрген.

Кездесуде аудан ақсақалы Нұрғали Нұртаев бата беріп, Абдул Хамит Қаттани мешітінің наиб имамы Анарғали Керімбеков құран оқыған.

Осылайша, ауданның жаңа әкімі Ғабит Мәуленқұлов тұрғындармен бірінші кездесуін айрықша өткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743608-symkenttik-kim-halykpen-kezdesudi-kymbat-mejramhanada-drkiretip-tkizdi-foto/