Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Алматы көшесінің қақ ортасында бір топ автоұрылардың соңына түсті

Опубликовано:

Алматыда полицейлер бір топ автоұрылардың соңына түсіп, оларды қамауға алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ
Полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Жұмалиев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйлердің бірінде ауладағы көліктерді күдікті адамдар торуылдап жүргені туралы полицияға хабар келіп түседі.

«Буран-078» жол-патрульдік полициясы оқиға орнына дереу жеткен.

«Күдіктілер "Митцубиси Галант" көлігінде ізін суытқаны белгілі болды. Полиция олардың ізіне түсіп, жолын бөгейді. Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында көлікті тізгіндеген азамат оны басқара алмай, бағанға соғылды.

Екі күдікті де қамауға алынды. Олар Шығыс Қазақстаннан келгені анықталған", - дейді Алмалы ауданы ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.

Полицейлер күдіктілердің "Мицубиси" көлігі ұрланған көліктер тізімінде екенін анықтады.

"Болжам бойынша, олар ұрланған көліктің көмегімен тағы да ұрлық жасауды көздеген. Бүгінде олардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде", - дейді Мендебаев.

Полиция атыс дыбысын естіген тұрғындардың ақпараты расталмағанын алға тартуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744001-policejler-almaty-ksesini-kak-ortasynda-bir-top-avtorylardy-soyna-tsti/