Шымкентте тағы бір қыз ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)
Опубликовано:
Шымкентте тағы бір бойжеткен жоғалып кетті. Бұл туралы Instagram желісіндегі @club_dobryakov_shymkent парақшасында хабарланды деп жазады Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, бойжеткен өлгісі келетіні туралы айтып хат қалдырыпты.
Instgram желісіндегі аталған пабликте жария етілген хабарламада қыздың суреті мен оның айрықша белгілері жазылған.
"Сәлеметсіздер, жедел хабарлама! Қыз жоғалды. Азанда шыққан, сары қыз. Арық келген. Көрсеңіздер хабар айтыңыздаршы", - делінген хабарламады.
Қыздың есімі Арайлым екені белгілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744061-symkentte-tagy-bir-kyz-sty-kjli-zogalyp-ketti-foto/