Денис Тенді есіне алған корей халқының өкілі қазақ халқына жылап тұрып алғыс айтты (видео)
Опубликовано:
Шымкенттегі Денис Тенді еске алу үшін ұйымдастырылған шарада сөз алған қоғам белсендісі әрі корей халқының өкілі Роза Пак қазақ халқына жүрекжарды лебізін арнады. Көзіне жас алған қоғам белсендісі корей халқын қиын-қыстау кезеңде паналатқан қазақтарға алғыс айтты деп жазады NUR.KZ.

Денис Теннің мезгілсіз қазасы барша қазақстандықтар үшін ауыр тиді. Еліміздің түкпір-түкпірінде спортшының өлімін аза тұту шаралары өтіп, мыңдаған қазақстандық оның суретінің жанына гүл шоқтарын қойды. Желіде Денис Тенге арналға шарада сөз алған Роза Пактың видеосы тарап кетті.
"Денис қазақстандықтарға, оның ішінде корей халқына қаншама қуаныш сыйлады. Ол жанкештілікпен еңбек етті. Оның жаны соншама сұлу еді. Ол корей халқының 4-ші ұрпағы.
Тағдырдың тәлкегімен біз 80 жыл бұрын қазақ даласына келдік. Қазақ халқы сол қиын-қыстау кезеңде бізбен қара нан мен суын бөлісіп, жылы киім беріп, баспана сыйлады. Денис те Қазақстанға осыншама құрмет көрсетіп, қуаныш пен бақыт, мақтаныш сезімін сыйлай білген текті ұрпақтың өкілі. Жатқан жері жайлы болсын!", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744089-denis-tendi-esine-algan-korej-halkyny-kili-kazak-halkyna-zylap-tryp-algys-ajtty-video/