Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оған үйленетініме сенімді едім: Денистің ғашығы туралы сұхбаты жарияланды (видео)

Опубликовано:

19 шілде күні 26 жасында қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің алғашқы махаббаты туралы сұхбатын Gakku арнасы жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Денис Тен. Скриншот: YouTube
Денис Тен. Скриншот: YouTube: UGC

Спортта өшпес із қалдырған Денис Тен соңғы сұхбаттарының бірінде алғашқы махаббаты туралы айтып, ағынан жарылған.

"Мен ол кезде әрі кетсе 13-те болған шығармын. Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын бір қыз болды. Ол менен әлдеқайда кіші еді. Ол қызға sms-хабарламалар жазуды үйреткенім есімде. Содан кейін бес жылдай хабарлама арқылы сөйлесіп жүрдік.

Оған ерекше көзқараспен қарайтынмын. Өскенде оған үйленетініме сенімді едім, сондай әдеби әлемде өмір сүріп жүрдім. Оған қалай ұсыныс жасайтынымды да білдім.

16 жасымда оның 18-ге толған сәтіне жоспарлар құрып, Сочидегі Олимпиаданы жеңетінімді де жоспарлап отырдым. Сол уақытта ол 18-ге, мен 21-ге толып, мен оған барамын деп ойладым. Сондай жантебірентерлік қарым-қатынаста едім.

Бұл есті махаббат болған шығар? Яғни есім кетіп сүю емес, тура жоспар бойынша болуы тиіс махаббат. Мен оны қолымдағы теңдессіз қазынаға теңеп, одан ерекше адам жасап шығаруым керек деп санайтынмын. Ол адаммен қашан да өмірлік тәжірибемді бөлісіп, ойын дұрыс арнаға бұрып отырғанды қалайтынмын", - деп есіне алды Денис Тен.

Еске салсақ, Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744475-ogan-jlenetinime-senimdi-edim-denisti-gasygy-turaly-shbaty-zarialandy-video/

pixel