Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз жасауына 25 аяқ киім мен төрт шуба әкелгендер елді таң қалдырды (видео)

Опубликовано:

Facebook әлеуметтік желісінде тараған қыз жасауының видеосы елді таңғалдырды. Ондаған сөмке, қос-қостан көйлек, 25 аяқ киім мен алты сырт киімі бар қыз дүниесі желіде қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Аталған видеода қыз жақ қалыңдықтың артынан әкелген дүниесін көрсетуде. Олар төрт қаракүзен тонын, 25 аяқ киімі мен әр көйлекпен киетін сөмкесін, түрлі сандықшалар мен ондаған көйлек әкелген.

Желі қолданушылары болса, қыздың артынан осыншама дүние әкелген туыстарын сынап тастады. Олардың айтуынша, бұл ысырапшылдық.

"Ерсі көрінеді. Қаншама көз отыр. Біреуде бар, біреуде жоқ. Іштей бергенде әдемі болатын еді", "Шатаспаңдар қыздың жасауы деген киім емес", "Ата-баба салты емес", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745945-kyz-zasauyna-25-aak-kiim-men-trt-suba-kelgender-eldi-ta-kaldyrdy-video/

pixel