Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы: Еліміздің оңтүстігі мен батысында +40 градусқа дейін күн ысиды

Опубликовано:

Алдағы күндері республиканың көптеген бөлігінде ыстық ауа-райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады
Көрнекі фото: life.ru: UGC

Cондай-ақ, екпінді жел соғады, батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасының негізгі фоны 27-35, оңтүстікте және батыста 40 градусқа дейін болады.

Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр аудандарынан салқын және ылғалды ауа келуіне байланысты 9 тамызда ыстықтың төмендеуі басталады, ауаның күндізгі температурасы 20-28 градус жылыға дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746349-aua-rajy-elimizdi-otstigi-men-batysynda-40-graduska-dejin-kn-ysidy/