Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде автобус жүргізушісі 55 теңге үшін жолаушыны тепкілеп тастады

Опубликовано:

Әлеуметтік желіге жүктелген видео көпшілікті шошытты. Ақтөбедегі №24 бағыттағы автобус жүргізушісі жолаушыны сыртқа сүйреп шығарып, тепкінің астына алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде автобус жүргізушісі 55 теңге үшін жолаушыны тепкілеп тастады
Көрнекі фото: Zakon.kz: UGC

Оқиғаны жолаушылар автобус ішінде видеоға түсіріпті.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушы сұраған Жұбанов университетінің аялдамасынан автобус тоқтамай өтіп кеткен.

Сол үшін ол төлеген жол ақысын қайтарып беруді талап етеді. 55 теңге үшін басталған айқайдың соңы жолаушыны далаға сүйреп шығарып, теуіп тастаумен аяқталған.

Осы оқиғаға қатысты №24 бағытындағы автобус қарайтын "Автопарк" мекемесі әзірге ештеңе айта алмайтындарын айтты. Жүргізуші мен кондуктор бүгін жұмысқа шықпаған.

Ал ІІД-нің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты автобус нөмірі анықталғанын хабарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746423-aktbede-avtobus-zrgizusisi-55-tege-sin-zolausyny-tepkilep-tastady/

pixel