Сарапшылар: Астанадағы перзентханада қайтыс болған 4 келіншектің өмірін сақтап қалу мүмкін емес еді
Опубликовано:
Израильден келген дәрігерлер Астанадағы босану орталығында қайтыс болған төрт келіншектің өмірін сақтап қалу мүмкін емес еді деп отыр. Себебі құрсақ көтерген аналар денсаулығында кінәрат барын біле тұра бала көтерген дейді. Тіпті жүкті болған күннен бастап емханаға тіркеліп, дәрігерлер бақылауында болмаған көрінеді деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Біз ресми экспертиза нәжижесін айтатын комиссия емеспіз. Бірақ біз тәжірибесі мол сарапшылармыз. Бұл жердегі басты сұрақ: өлімнің алдын алуға болар ма еді? Бұл орталықтағы құрал-жабдықтарды, хаттамаларды және әйелдердің әлеуметтік жауапкершілігін ескере отырып, барлық 4 келіншекті де өлім аузынан құтқарып қалу мүмкін емес еді", - дейді Израиль MVI медициналық орталығының бас директоры Наталья Мелех-Хедват.
Ал аналар өлімін анықтау үшін арнайы құрылған республикалық комиссия тексеру қорытындысын 20-шы тамызда жарияламақ.
Дәрігерлер ана сүтін еміп үлгермеген сәбилердің жағдайы қазір тұрақты екенін айтты. Екі нәресте перзентханадан шығарылған. Ал қалғаны әзірге дәрігерлердің бақылауында бола тұрмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746550-sarapsylar-astanadagy-perzenthanada-kajtys-bolgan-4-kelinsekti-mirin-saktap-kalu-mmkin-emes-edi/