Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кездесуде ұрып, соғады: Қазақстандық азамат танысу сайттарына шағымданды

Опубликовано:

Царев Максим есімді желі қолданушысы танымал танысу сайттарының біріне шағымданды. Ол бұл туралы «Открытый диалог» парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Танысу. Көрнекі фото: gcshelp.org
Танысу. Көрнекі фото: gcshelp.orgшағымданды: UGC

Желі қолданушысы Ақпарат және коммуникациялар министріне жолдаған шағымында Mamba.ru сайтын бұғаттауды өтінген, сонымен қатар осыған ұқсас сайттарды тексеріп шығуды сұрады.

«Сәлеметсіз бе, құрметті Дәурен Әскербекұлы. Сізден видеотранлянциялы танысу сайты https://www.mamba.ru-ды тексеріп шығуыңызды өтінемін. Онда ұрлықшылар мен өтірікшілер отыр. Кездесуге шақырып алып, ұрып-соғып, тонайды. Сайтты толықтай бұғаттауды өтінемін және сол сияқты танысу сайттарын бақылауда ұстауды сұраймын», - деп жазды.

Максим Царевтің өтініші бойынша АКМ танысу сайттарына тексеру жүргізді. АКМ-ның шешімі бойынша кейбір сайттар ережеге қайшы келіп отыр.

«Министрлік атына «Mamba.ru» және «Mail.ru» сайттарының интернет-ресурстарына Қазақстан аумағында жұмысын тоқтату туралы ресми хат жіберілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрліктің хаты аталған ресурстардың қаралымында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747204-kezdesude-ryp-sogady-kazakstandyk-azamat-tanysu-sajttaryna-sagymdandy/