Қауіпті достық: Жыртқыш аңмен бір үйде өмір сүрген әйгілі актриса туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Танымал актриса Мелани Гриффит 19 жасында Нил есімді арыстанмен бірге бір шаңырақ астында тұрғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Актриса өмірінің белгілі бір кезеңінде ата-анасы асыраған түз тағысымен бірге өмір сүрген. NUR.KZ порталы арыстан мен бойжеткеннің айрықша суреттерін назарға ұсынады.
1970 жылы Меланидің анасы актриса Типпи Хедрен мен өгей әкесі Ноэль Маршалл Африкаға барып келіп, жыртқыш аңдар туралы фильм түсірмек болады. Олар бұл идеясын іске асыру үшін жыртқыш аңмен бірге өмір сүріп, оның табиғаты мен мінезін жақыннан тану мақсатында арыстанды қолдарына алу туралы шешім шығарыпты.
Екінің бірінің қолынан келмейтін дүниені қолға алған актрисаның архивінде қазіргі таңда ешкімде жоқ суреттер қалды.
Негізінде олардың бұл зерттеуі жақсы нәтиже берген жоқ. Фильм түсірілімі кезінде арыстандардың бірі Меланиге шабуыл жасап, оның бетінің 50-ден астам жерін тігуге тура келген. Бұдан бөлек, оператор да ауыр бас жарақатын алып, оған ота жасалған.
Жалпы есеппен фильмді түсіру кезінде 70-тен астам адам жарақат алыпты.
Бұл суретте Мелани Гриффит Калифорниядағы үйінің бассейнінде Нилді сипап жатыр.
Үйінде жыртқыш аңды асыраған режиссер онымен бірге жұмыс істеп отыр.
Мына сурет сырт көзге аса қорқынышты көрінеді. Алайда Нил тек қана Меланимен ойнап, аяғынан тістемек болған.
Нил иесімен бірге тоңазытқышқа келіп, үй ішінде емін-еркін жүр.
Типпи мен Нилдің қауіпті ойыны.
Типпи Нилді жастанып, газет оқуда.
Адам мен жыртқыш аңның достығы.
Үй қызметшісі алаңсыз ұйықтап жатқан арыстанды аттап өтуде.
1971 жылдың мамыр айы. Нил мен Мелани бір төсекте ұйықтауды әдетке айналдырған.
Баламен ойнамақ болған арыстан.
Нил бұл үйде үнемі төсекте, джылы көрпе астында ұйықтауға үйренген.
Дереккөз: ribalych.ru
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747330-kauipti-dostyk-zyrtkys-amen-bir-jde-mir-srgen-jgili-aktrisa-turaly-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.