Ешкілерден сұқбат алмақ болған жігіт желіні жарды

Опубликовано:

Интернетте журналистік өнерін паш еткен әзілкеш жігіттің видеосы тарап кетті. БАҚ өкілінің образына кіріп кеткен ер бала желі қоланушыларын күлкіге қарық қылды деп жазады NUR.KZ.

Instagram парақшаларына тарап кеткен видео желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазбада журналист ретінде репортаж жүргізіп, ешкілерден сұқбат алмақ болған жігіт бой көрсетті.

Көпшілік ер баланың сөз саптауы мен әзілкештігіне тәнті болғанын жасырмады. Оқырмандар видеоның астына жігіт туралы оң пікірлерін жазып, тағы да ұқсас видеоларды түсіре беруге кеңес берген.

""Дайын журналист қой, мына бала"
"Нағыз сөз шебері, жарайсың"
"Күлкіден өлдім, қатырады екен мына жігіт" , - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748082-eskilerden-skbat-almak-bolgan-zigit-zelini-zardy/