Алматы облысында жолдан ұшып кеткен автобус аударылып қалды
Опубликовано:
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқыс жағдай салдарынан автобус жолдан ұшып кетіп, аударылып қалған. Бұл туралы редакциямызға хабарласқан оқырман оқиға мәлімдеді. Ол оқиға орнынан түсірілген видео жіберді деп жазады NUR.KZ.

Әйел адамның айтуынша, жол апаты сағат 11:00 шамасында Түймебаев ауылының маңында, Ащыбұлақ-Көкқайнар-Батыр тас жолында орын алды.
"Енді осы оқиғадан кейін біздің жергілікті органдары әрекет етеді деген ниеттемін. Әсіресе әкім Баталов мырза. Мен шұңқырларға толы бұл жолға қатысты арыз-шағымымды бірнеше мәрте айтқан болатынмын. Бірақ ешқандай нәтиже шықпады", - деп айтты оқырман.
Бейнежазбада жол апатынан зардап шеккен екі адам бой көрсетті. Әйел адамның айтуынша, олардың саны бұдан да көп.
Редакция оқиғадан нақты қанша адам зардап шеккенін анықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748674-almaty-oblysynda-zoldan-syp-ketken-avtobus-audarylyp-kaldy/