Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек 20 жылға абақтыға отыруы мүмкін

Опубликовано:

Ақтөбеде мектепті алтын белгімен тәмәмдаған бойдан абақтыға қамалған Бекназ Кеңшілік аса ауыр жазамен айыпталып отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: lenta.inform.kz
Фото: lenta.inform.kz: UGC

Төбелес кезінде қатарласын пышақтап тастаған сотталушы ҚРҚК-нің 99 бабы ІІ бөлігі 9 және 14 тармақтарымен айыпталған. Заңда ең ауыр қылмыс саналатын істің жазасы 15 -20 жыл бас бостандығынан айыру деп көрсетілген.

20 маусымнан бастап қамауда отырған Бекназ Кеңшілікке қатысты сот отырысы 4 қыркүйекте басталады деп бекітілді.

Сотқа медициналық сараптама жүргізген дәрігер және сотталушыға психологиялық сараптама жүргізген мамандар шақырылатын болды.

Сотта қаза болған Азат Дүсіповтің әкесі полиция инспекторы екені айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749294-aktbede-mektepti-altyn-belgimen-bitirgen-tlek-20-zylga-abaktyga-otyruy-mmkin/

jitsu gif