Қызылорда облысының денсаулық басқармасы "мерез жұқтырған 11 ұстазға" қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы "11 ұстаздың жыныстық ауру жұқтыруы" туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Олар мұндай ақпаратты жоққа шығарып отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап жазады.

Дәрігер. Көрнекі фото: ginekology-md.ru
Дәрігер. Көрнекі фото: ginekology-md.ru: UGC

Мекеме "жыныстық ауруға душар болған 11 адамның мұғалімдер еместігін" алға тартқан. Айтуларынша, БАҚ-та сөз етілген 11 адам шын мәнінде білім саласында қызмет ететін өзге маман иелері.

"Олардың тоғызы - техникалық қызметкерлер, ал екеуі - іс-қағаздар саласында қызмет етеді", - дейді басқарма өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада "11 мұғалім жыныстық ауру жұқтырғаны туралы" ақпарат тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750113-kyzylorda-oblysyny-densaulyk-baskarmasy-merez-zktyrgan-11-stazga-katysty-mlimdeme-zasady/