Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік прокурор қылмыскерлерді "крышевать" ететін полицейлердің былығын жайып салды

Опубликовано:

Шымкенттік прокурор қылмыскерлерді "крышевать" ететін полицейлердің былығын жайып салды. Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы заңсыз сауда орындарына бармақ асты, көз қысты қарайтын тәртіп сақшыларына ескерту жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Шымкент қаласындағы заңсыз сауда орындары бойынша Абай аудан әкімшілігі прокуратура, жергілікті полициямен бірігіп рейд өткізді. Шара кезінде қаладағы "Құрсай"шағын ауданындағы заңсыз сауда қатарлары тексерілді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Нақтырақ айтқанда, бұл шағын ауданда рұқсат етілмеген жерде кәсіпкерлер темір терсек сатумен айналысады. Тау болып үйілген металл қалдықтары "Құрсай"шағын ауданындағы халықтың ашуын туғызған. "Құрсай" шағын ауданындағы темір терсектің саудасы түнде қызады екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал жергілікті билік өкілдері металл қалдықтарын сатумен айналысатын кәсіпкерлердің әрекетін заңсыз дейді. Өйткені бұл маңда халық көп шоғырланғандықтан, бос жатқан жерлер тұрғын үй ретінде пайдалануға берілген екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Абай аудандық әкімшілігі болса, заңсыз сауда орындарымен күресуге дәрменсіз екендерін жасыра алмады. Өйткені6 заңсыз сауданы кәсіп еткендерге шара көретін тек уәкілеттік орган қызметкерлері дейді әкімдіктегілер.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Қорғазын зауытындағы қауіпті металлдарды осында әкеліп сатып жатыр. Металл қабылдайтын үйлер темірлерді қабылдап, сауда-саттықпен айналысып жатыр. Бұл жергілікті халыққа қауіпті. Бірақ бұл мәселені біз жергілікті полициямен бірігіп, тоқтатуымыз қажет. Кәсіпкерлердің ісін заңсыз екендерін түсіндіріп жатырмыз. Кәсіпкерлерге айтарымыз жерлерін мақсатты түрде пайдаланбаса, жерді мемлекеттің еншісіне қайтарып аламыз"-дейді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.

"Құрсай" шағын ауданыдағы темір-терсек сатумен айнылысатындардың ұрлықы істерге қатысы болуы мүмкін дейді прокуратура өкілі.

Тіпті, бақылаушы орган қызметкерлері заңсыз сауданы кәсіп ететіндердің қылмысын полицейлердің өзі қорғаштап жүретіндерін жайып салды.

"Ұрланған темір заттардың барлығы осы жерде болуы мүмкін. Бұған ешкім кепілдік бере алмайды. Ұсақы ұрлықы істердің барлығы осы жерде жатыр. Жергілікті полиция жұмыс істемейді. Не үшін жұмыс істемейді? Мен ойлаймын "крышалары бар" деп. Бұларды біреу қорғайды. Нақты уақыт беру керек полицейлерге мәселені шешу үшін. Мәселені шемпейма бұлардың үстінен шара көреміз" -дейді абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750154-symkenttik-prokuror-kylmyskerlerdi-krysevat-etetin-policejlerdi-bylygyn-zajyp-saldy/

pixel