Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның кейбір облыстарында үсік жүреді

Опубликовано:

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: samaranews.ru
Фото: samaranews.ru: UGC

Түнгі уақытта республиканың солтүстігінде, орталығында жаңбырдың соңы қарға ұласып, найзағай ойнап екпіні қатты жел соғады. Күндіз шығыста бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Сондай-ақ, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте, солтүстік-батыс пен орталықтың кей жерлерінде түнде үсік жүруі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеймек. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Оған қоса, аталмыш өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында найзағай түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде —3 градус үсік жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750400-bgin-kazakstanny-kejbir-oblystarynda-sik-zredi/

pixel