Өскемендік жігіт дәрігерлерден аяғы ауыр екенін естіп, төбе шашы тік тұрды
Опубликовано:
Өскеменде мамандар нефролог-дәрігердің қорытындысына ер адам ішінің үлкейіп кетуі оның жүктілігі себебінен деп жазып қойған деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ер адамның туыстарының айтуынша, ол іші қатты ауырған соң ауруханаға жүгінген. Мамандар жұмысына азаматтың айтарға сыны болмаған. Алайда, дәрігерлер қорытындысында оның жүкті екені жазылғанын аңғарған ол аң-таң болып қалған.
Келеңсіз жағдай орын алғанын науқас үйіне барғанда ғана байқап қалған. Оған қоса, мамандар іштің үлкейіп кетуіне жүктілік әсер етуімен қатар, ол іштегі баланың қозғалғанын сезетінін жазып жіберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750769-skemendik-zigit-drigerlerden-aagy-auyr-ekenin-estip-tbe-sasy-tik-trdy/