Көше ортасында ән салған түйе маңғыстаулықтардың таңданысын тудырды (видео)
Опубликовано:
Бейнежазба Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде түсірілген. Камераға ілінген түйе тап бір ән салғандай дауыс шығарған деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр сыртында азамат түйеге төменгі ноталарды дұрыс алып, әнді жақсы айтуын сұраған.
Бұл видео әлеуметтік желіде бірден тарап, желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсіп кетті.
Олардың бірі түйе өзінің ботасын шақырып тұр десе, екіншілері оның жай дауыс шығарып тұрғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751233-kse-ortasynda-n-salgan-tje-magystaulyktardy-tadanysyn-tudyrdy-video/