Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық келіншек екі қызымен бірге отағасын балталап тастады

Опубликовано:

Атырауда осыдан 6 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның туыстары сұмдық жайттың бетін ашып отыр. Айтуларынша, жоғалып кеткен туыстарын оның әйелі мен туған қыздары өлтіріп, мәйітке бетон құйып тастаған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: facebook.com/Виктория Шамшодина
Фото: facebook.com/Виктория Шамшодина: UGC

Марқұмның туысы Викторияның айтуынша, оның әкесінің туған әкесі осыдан 6 жыл бұрын жоғалып кетіпті. Ол кезде оның әйелі "марқұмды құжаттарын алып, террористік сектаның мүшесі атанғанын, сөйтіп Қазақстаннан кетіп қалғанан" айтыпты. Қазіргі таңда күдікті ретінде оның әйелі мен қос қызы танылып отыр.

"Алдымен олар менің ағама димедрол берген. Сосын укол салған. Ол ұйықтап кеткен кезде жастықпен тұншықтырып өлтірген. Сөйтіп мәйітті гаражға апарып, өзбектің құрылысшаларын шақырып, шұңқыр қаздырған. Сосын оның денесін балталап, аяқ-қолын кесіп, шұңқырға тастаған. Кейін үстіне бетон құйып тастаған", - деп жазған өзінің Facebook парақшасында бойжеткен.

Марқұмның туыстарына мұндай мәліметті күдікті деп табылған әйелдің інісі айтып берген көрінеді. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары үй аумағынан адам сүйектерін тапқан екен. Алайды оның кімге тиесілі екені әзірге белгісіз. Атырау облысы ІІД күдіктілер қамауға алынған мәлімдеген. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751301-atyraulyk-kelinsek-eki-kyzymen-birge-otagasyn-baltalap-tastady/

pixel