Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрменің қасындағы адамдар қалай өмір сүруде?

Опубликовано:

Бұл ауыл ел арасында аса қауіпті елді мекендердің бірі болып есептелінеді. Өйткені мұнда, ауыр қылмыс үшін сотталғандар жазасын өтейтін түрме орналасқан. Аудан орталығы мен ауыл арасы 15 шақырымды құрпайды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кешкі уақытта кез келген таксист бұл мекенге баруға келіспейді деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Шахта-Тоғұс жан-жағынан жіті бақылауда ұсталынады. Ауылдың басқа бөлігінде Ұлттық гвардияның 6698-ші әскери бөлімшесі орналасқан.

"Мен мұнда ата-анама келіп тұрамын. Олар екі қабатты көппәтерлі үйде тұрады. Үй салынғалы бері ешқандай жөндеуден өтпеген. Қателеспесем 55 жылдай уақыт өтті. Бір кездері модернизация бағдарламасына енгізуді сұраған едік, алайда нәтиже шыққан жоқ.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Су мен әжетхана бізде сыртта, тіпті тамақты да далада әзірлейміз. Жолдар шұңқырларға толы. Өзгеріс қашан болатынын білмеймін", - деп айтты Бауыржан.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ауылдың орталығында өзін жақсы ұстайтын жасөспірімдерге арналған интернат бар. Леңгір әкімшілігінде бізге мәселені қолға алып, ғимаратқа арнайы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жауап қатты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Үйлердің барлығы жекеменшікке айналған, олардағы жөндеу жұмыстарын тұрғындардың өздері жасау керек. Ал үйдің модернизациясы жөнінде бізге ешкім жүгінген де жоқ. Ал жол жөнінде айтатын болсақ, онда біз жөндеу жұмыстарын жасамаймыз. Өйткені, жақында ол жерде су құбырының жүйесі енгізу жұмыстары іске аспақ", - деп айтты Леңгір ақаласының әкімі Болат Әділбеков.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Елді мекеннің кейбір тұрғындары қылмыскерлер түрмесінің ауылдағы үйлердің қасында әлдеқайда тәуір көрінетінін айтуда. Тұрғындар сотталушылармен көрші болуға қорықпайды. Олардың айтуынша, абақты жоғары деңгейлі күзет жүйесімен қамтылған.

Айта кетейік, Штат-Тоғұс ауылында орналасқан түрмеде өзінің жазасын Қуандық Бишімбаев өтеп жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Біздің ауылдағы түрмеге Бишімбаевты алып келгенді естігенде, неге екенін білмеймін қатты таңғалдық. Біз оны да, оған келіп тұратын адамдарды да көрмегенбіз. Тауға шығып қарағанда сотталушылардың жүргендерін көруге болады. Алайда, алыстан олардың қайссы Бишімбаев екенін анықтау мүмкін емес" , - деп айтты ауыл тұрғыны.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Үйлері қирауға аз қалған ауылда өзгеріс қашан орын алары белгісіз. Алайда, елді мекен тұрғындары ұзаққа төзе алмайтындары анық. Олар жақында мәселе шешілмесе, Астанаға аттанып, өз шағымын жеткізуді жоспарлап отыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751387-bisimbaev-zazasyn-tep-zatkan-trmeni-kasyndagy-adamdar-kalaj-mir-srude/