"Мисс Алматы-2018" байқауын Камила Қожахан жеңіп алды (фото)
Опубликовано:
Алматыда "Мисс Алматы" сән байқауы өтті. Оның жеңімпазы Камила Қожахан деп танылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Байқауға барлығы 15 бойжеткен қатысқан. Ал әділ қазы мүшелері қатарында Айжан Нұрмағамбетова, Толқын Забирова сынды әншілер мен скрипкашы Жәмиля Серкебаева және т.б. болған.

Байқау басында қатысушылар спорттық би билеген.

Кейін қатысушылар қазақ және басқа да ұлттардың ұлттық киімімен дефиле жасаған. Сосын арулар кешкі көйлекпен сахна төрінде жүріп өткен.



Нәтижесінде, алматылық Камила Қожахан байқау жеңімпазы деп танылды. Сонымен бірге қатысушыларға "Мисс Energy", "Мисс Талант", "Аяулы Ару" және т.б. аталымдар табысталған.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751632-miss-almaty-2018-bajkauyn-kamila-kozahan-zeip-aldy-foto/