Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда баласын қоқыс жәшігіне тастаған әйел оны қайтарып алғысы келеді

Опубликовано:

Қостанай облысында баласын әжетханада туып, қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел оны қайтарып алғысы келеді деп хабарлайды alau.kz. сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Oka.FM
Фото: Oka.FM: UGC

Аурухананың бас дәрігері Игорь Белобржицкидің айтуынша, сәбиге барлық медициналық көмек көрсетілген. Жақын күнде сәби "Дельфин" балалар үйіне тапсырылмақ.

"Анасы сәбиден жарты жылға бас тартатыны туралы қолхат жазып берді. Әйелдің аналық сезімі оянған. Ол ұлын алып кеткісі келеді. Бірақ баласын тастап кеткендіктен, енді оны өзіне қайтару қиынға соғады", - дейді Игорь Белобржицкий.

Айта кетейік, осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Қостанай тұрғыны сәбиін әжетханада босанып, қоқыс жәшігіне тастап кеткені анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751957-kostanajda-balasyn-kokys-zsigine-tastagan-jel-ony-kajtaryp-algysy-keledi/

pixel