Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Той алдында нан тістеген қалындық көпшіліктің қызу талқысына түсті

Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігінде той алдында нан тістеген қалындықтың видеосы тарап кетті. Желі қолданушылар бұрын-соңды болмаған салтты ойлап тапқандарға қайран қалып, оқиғаға қатысты өз ойын білдірген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Аталмыш видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Бейнежазбада той кезінде қалындыққа арнайы бүтін нанды әкеп тістетіріп жатқаны көрініс тапты. Желі қолданушылар мұндай салтты бұрын-соңды ешбір тойда көрмегендерін айтып, жаңа дәстүрді ойлап тапқандарды сынға алды.

"Қазақтардың істемейтіні жоқ осы заманда"
"Тағы да жаңадан ойлап тапқан дәстүрлері ма?"
"Тамақтың үстіне шоколадтарды тастап қойыпты. Не болды сонда, қандай салт бұл деген?"
"Қазақтар десе намысымызға тиеді. Бірақ біз еліктеушілікті қашан тқоямыз. Үнді фильмдерінде көрдім осындайды", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752015-toj-aldynda-nan-tistegen-kalyndyk-kpsilikti-kyzu-talkysyna-tsti/

pixel