Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананы әр жылдары басқарған 7 әкім туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Астананы осыған дейін басқарған жеті әкімді қала тұрғындары қалай еске алады? Сондай-ақ олардың бас қаланы дамытуға қосқан үлестері туралы мәліметтерді NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко және 365info.kz
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко және 365info.kz: UGC

Астананың алғашқы басшысы Әділбек Жақсыбеков - елбасының "жауапкершілігі мол адам ретінде" сенім білдірген әкімі болды.

Назарбаев Исекешовтың кей жұмыстарын сынға алғанда "Жақсыбековтың кезінде мұндай болмап еді" деген тіркесті жиі қолданатын.

Жақсыбеков бас қаланы 1997-2003 жылдар аралығында алты жыл бойы басқарды. Ол күн сайын қаланы өз көлігімен аралап, қандай мәселені шешу керектігін жеке тексеретін. Халық оның осы ісін аса бағалады.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Осыдан кейін басшылық орынға Темірхан Досмұхамедов жайғасты. Ол әкімдік қызметтен кеткен соң ауыл шаруашылығын қолға алғаны баршаға мәлім.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Өмірзақ Шүкеев - Астананы екі жыл басқарған үшінші әкім болды. Елбасы оның Қостанай облысын басқару қабілетіне ризашылық білдіріп, бас қаланың жауапкершілігін сеніп тапсырды.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Асқар Мамин 2006 жылы Шүкеевтің орнын басты. Ол елорданы әлемдік деңгейдегі астаналар қатарына қосуға талпынды. Маминнің тұсында қалада көптеген сауда орындары ашылып, көптеген құрылыс жұмыстары бастау алды.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Астанадағы бесінші әкім - Иманғали Тасмағамбетов. Қала тұрғындары оны әлі күнге дейін жақсы істерімен еске алады.

Ол алты жыл қаланы басқаруы кезінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырып, елдің мұң-мұқтажын білуге талпынды.
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Тасмағамбетовтен кейін 2014 жылы Астана басшылығын Әділбек Жақсыбеков қайта қолға алды. Халық бұрынғы әкімді жақсы қабылдағанымен, Жақсыбековтың қайта оралғанына да қуанышты болды. Алайда ол бас қаладағы Талдыкөл маңайынан шығатын жағымсыз иіспен күресте әлсіздік танытты.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Астанадағы иісті жою келесі әкім Әсет Исекешовтың қолынан келді. Жаңа басшы көптеген жасыл желектер мен саябақтар салып, жолдарды реттеуге кірісті.

Исекешовты тұрғындар ашықтығы үшін жақсы көретін. Ол әлеуметтік желіде халықтың мәселелерімен танысып, оны барынша жылдам шешуге тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752121-astanany-r-zyldary-baskargan-7-kim-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel