Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны балалар отырған автобусты тісімен сүйреді (фото, видео)

Опубликовано:

"Синь-Хо-Мэнь" мектебінің басшысы Александр Радунцев балалар мінген шағын автобусты бірнеше метрге дейін тісімен сүйреп барды. Александр Николаевич балаларға өзің үлгі болсаң ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото www.instagram.com/sinhomen_aktau
Фото www.instagram.com/sinhomen_aktau: UGC

Белбеулерді салтанатты түрде табыстап болғаннан кейін кунг-фу жаттықтырушылары 15 шағынауданда ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Оны Александр Радунцевтің өзі бастап, балалар отырған автобусты тісімен сүйреді.

Фото www.instagram.com/sinhomen_aktau
Фото www.instagram.com/sinhomen_aktau: UGC
"Балаларға өзің үлгі болмасаң - оларды шабыттандыра алмайсың. Біз де аспаннан түскен жоқпыз, тағы да біраз нәрселер жасай аламыз", - дейді Александр Радунцев.
Фото www.instagram.com/sinhomen_aktau
Фото www.instagram.com/sinhomen_aktau: UGC

"Синь-Хо-Мэнь" мектебінің бас жаттықтырушысы үшін мұндай әрекет қарапайым іс болып көрінеді. Ол жақында 51 жасқа толатынына қарамастан, балалардың спортқа сүйіспеншілігін арттыру үшін таңғаларлық істерін жалғастыра бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752312-aktau-trgyny-balalar-otyrgan-avtobusty-tisimen-sjredi-foto-video/

pixel