Ақтауда дәрігерлер жеті айлық сәбидің өмірі үшін 10 күн күрескен

Опубликовано:

Ақтауда дәрігерлер жеті айлық сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Автордан/ lada.kz
Фото: Автордан/ lada.kz: UGC

Баланың анасы Жеңіскүл Тоқашеваның сөзінше, 1 қыркүйек күні кішкентай Батырханның ыстығы көтеріле бастаған. Оның денесі қалшылдап, тіпті, жақындарын танымай қалыпты. Сәлден соң сәбиде диарея басталып, жүрегі айныған екен.

"Сәби аурухағана өте ауыр жағдайда түсті. Біз оның ата-анасына бәріне дайын болу қажеттігін ескерттік. Ісіну нәтижесінде балақай бір келідей салмақ қосып алды. Оны хирургтар, онкологтар мен балалар дәрігері де қарады. Біз жан сақтау бөлімінде оның өмірі үшін 10 күн күрестік.
Ал жасанды дем алу құрылғысы баладан тек бесінші күні ғана алынды. Дәрігерлердің, оның ішінде Бақытжан Балғалиевтің арқасында баланың жағдайы қалыпқа келіп, 11 қыркүйек күні педиатрлық бөлімге ауыстырылды. Қазір оны ауруханадан шығару мәселесі қаралып жатыр", -деді облыстық балалар ауруханасының директор орынбасары Әлия Ешімова.

Қазір баланың тәбеті жақсы, жақындарын танып отыр.

"Мен балам Батырханды аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтамын. Дәрігерлер мен медқызметкерлер күн-түн демей оның қасында болды", -деді Жеңіскүл Тоқашева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752874-aktauda-drigerler-zeti-ajlyk-sbidi-miri-sin-10-kn-kresken/