Канелодан айнымайтын жігітті балағаттаған қазақстандықтар ұятқа қалды (видео)
Опубликовано:
Интернет желісіне Сауль Альварестен айнымайтын жігітпен түскен қазақстандықтардың видеосы тарап, көпшіліктің ашуын туғызды. Оқырмандар шетел азаматын қазақ тілінде балағаттағандардың әрекетін ерсі санап, оларды аяусыз сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Мексикалық боксшыдан айнымайтын жігіт GGG белгісі бар бас киім киіп алып, қазақстандық боксшыға мақтау сөздерін жаудырған.
Шетел азаматымен суретке түскелі жатқан отандастарымыз оған Канелоны жамандап, қазақ тіліндегі балағат сөздерді айтып үйретпек болған.
Желі қолданушылар қазақсатндықтардың әрекетін ерсі санап, олардың қылығын аяусыз сөгіп тастады.
"Мынадай жанкүйерлерге қарап жаға ұстайсың. Ұтылыстың орын алғаны бұл әрекетпен салыстырғанда түк емес. Жеңілісті абыроймен қабылдай білу керек! Гена біздің чемпион. Оның қарсыластарын сыйламауымыз, оны сыйламаумен тең болмақ", - деп жазуда оқырмандар.
Ескерту! Видеода балағат сөздер кездеседі!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753062-kanelodan-ajnymajtyn-zigitti-balagattagan-kazakstandyktar-atka-kaldy-video/