Өзінен 20 жас үлкен азаматқа ғашық болған астаналық ару жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Өзінен 20 жас үлкен азаматқа ғашық болып қалған 19-дағы астаналық ару жан сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кеңес сұраған бойжеткен 38 жастағы сүйгенін жақындарын жұрттың қалай қабылдайтыны үшін алаңдаулы екенін жасырмады.

"Менің жасым 19-да. Ал ол 38 жаста. Арамызда жылдардың айырмашылығын көпшіліктің қалай қабылдайтынын білмей, алаңдап жүрмін. Бірақ бір-бірімізді шын сүйеміз.

Алайда жақындарым, ата-анам, достарым оны қалай қабылдар екен. Маған кеңес берсеңіздер екен. Өз бақытым үшін соңына дейін күресейін бе? Әлде осы жерден барлық қатынасымызды доғарғаным жөн бе?", - деді бойжеткен Instagram парақшада.

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары бұл сезімнің өткінші екен, жас айырмашылығы уақыт өте келе қарым-қатынасқа әсер ететінін айтты. Тіпті кейбірі бойжеткеннің үлбіреген жас екенін айтып, өзімен қатар жігіт табуға кеңес берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753104-zinen-20-zas-lken-azamatka-gasyk-bolgan-astanalyk-aru-zan-syrymen-blisti/