Ақтаулық дәрігерлер бес жасар баланың асқазанынан 100 теңге алып шықты (фото)

Опубликовано:

Маңғыстау облысында дәрігерлер бес жастағы балақайдың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты деп хабарлайды Lada.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: UGC

22 қыркүйек күні жағдайы ушығып, тыныс алуы нашарлаған бала ауруханаға жеткізілген.

Ақ халаттылар тексеріс барысында балақайдың асқазанында тиын барын анықтап, бірден отаға жасауға көшкен. Операция 40 минутқа созылған.

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмай оларға көбірек уақыт бөлуді сұрап отыр.

Сондай-қа олар тиын, түйме, ине тағы сол сияқты майда заттарды баланың қолы жетпейтін жерде сақтауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754660-aktaulyk-drigerler-bes-zasar-balany-askazanynan-100-tege-alyp-sykty-foto/