Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 млн теңге несие алып, той жасатқан келін бала туған соң ажырасып кеткен

Опубликовано:

Үйлену тойы үшін жігітінің ата-анасына 7 миллион теңге несие алдырып, 700 мыңның көйлегін киген бойжеткен жайлы NUR.KZ порталының оқырманы 8-747-535-12-98 whatsapp нөмері арқылы редакцияға хат жолдады. Оқырман олардың бүгінде ажырасып кеткенін де жасырмай, жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:svadbann.ru, mydreamwedding.ie, fayzbog.uz. Коллаж: NUR.KZ
Фото:svadbann.ru, mydreamwedding.ie, fayzbog.uz. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Осыдан екі жыл бұрын шаңырақ көтерген жас жұбайлар той өткізу үшін жігіттің әке-шешесіне 7 млн теңге несие алдырған.

Мұнан бөлек той кортежіне тек гелендваген көліктерін таңдаған. Сондай-ақ, бойжеткен 700 мыңның көйлегін де қоймастан алдырыпты.

Осынша шығынға батырған келіншек кейін бір баласын алып, күйеуінен ажырасып кеткен.

Оқырманның айтуынша, келіннің 7 млн несие алған қайын атасы мен енесі қарапайым жұмыс істейді екен. Олар осы тойды өткізу үшін үйлерін де кепілдікке қойған.

Күйеуінен ажырасқан келіншек ата-енесінен бөлек тұратындықтан, олармен тек телефон арқылы қоштасыпты.

Редакцияға хат жолдаған оқырман 24 жастағы келіншектің ісіне наразы екенін де жасырмады.

"Менің де бауырларым бар. Ата-анама қартайғанда мұндай азапты өмір тілемес едім. Тойын жасап берсе, бөлек шығарса, ол келінге басқа не керек екенін түсіне алмай дал болдым. Жас келінді еркіне жіберіп, есіртпей, бір жыл қолда ұстаған дұрыс деп ойлаймын", - деп сөзін аяқтады оқырман.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Роза Әлқожа қазіргі келіндерді енелердің өзі есіртіп алатынын ашына айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754725-7-mln-tege-nesie-alyp-toj-zasatkan-kelin-bala-tugan-so-azyrasyp-ketken/

pixel