Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың "жезөкше" жігіттері туралы кітап жазған жазушы елге жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Аян Құдайқұлова бүгінгі қоғамда орын алып жатқан түрлі қарым-қатынас түрлерін зерттеумен айналысып, шынайы оқиғалар негізінде кітап жазумен айналысып жүрген жазушылар санатында. Бір туындысында альфонс жігіттер туралы ашық жазған ол қазақ қоғамында бай әйелдерге қызмет көрсететін еркектердің көп екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Қазақтың "жезөкше" жігіттері туралы кітап жазған жазушы елге жан сырын ақтарды (видео)
Аян Құдайқұлова/Скриншот видеодан алынды: UGC

Oybay Life бағдарламасына сұхбат берген Аян Құдайқұлованың айтуынша, қазіргі кезде жасы үлкен әйелдерге көзі түсетін жігіттердің саны артқан. Мұндай жігіттерді "жезөкше" деп атаған ол өз кітабында олардың өмірі туралы жазғанын айтты.

"Бұл альфонстар туралы кітап. Тоқалдар туралы айтып жатырмыз, бірақ жезөкше еркектер де бар біздің қоғамда. Ақшасы көп әйелдерді көздейтін. Маған 100-200 хат келеді.
"Балам сенің мамаң шай бермеді ме? Дұрыс қарамады ма? Сен мама іздеп жүрсің ғой", - деймін оларға. Мамасы дұрыс қарамаған балалар өзіне ана іздейді. Мен сондай еркектердің көбін көрдім. Саналы, ақшасы көп әйелдердің жас жезөкше еркектерге ұрынып қалғаны туралы жаздым. Мұндағы жайттардың барлығын олар маған өздері айтып берген", - дейді ол.

Бағдарламаның толық нұсқасын Oybay Life бағдарламасының толық нұсқасынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754940-kazakty-zezkse-zigitteri-turaly-kitap-zazgan-zazusy-elge-zan-syryn-aktardy-video/

pixel