Астанадағы "Бәйтерек" монументі жабылады
Опубликовано:
Астанадағы ең көрікті ғимараттардың бірі "Бәйтерек" қазан айының басында жабылады. Бұл туралы қалалық спорт және мәдениет басқармасы мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Қонақтар монументке 1-8 қазан аралығында кіре алмайды.
Бұл уақытта ғимарата тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Терезелері тазартылып, қандай ақаулар бары анықталып, қысқы маусымға дайындалады.
Ал 8 қазаннан бастап қонақтар "Бәйтеректің" ішін аралай алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755045-astanadagy-bjterek-monumenti-zabylady/