Аялдаманың сиқы осы: ШҚО-дағы ерекше "нысан" көптің қызу талқысына түсті (фото)
Опубликовано:
Желіде ШҚО Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында бой көтерген ерекше "аялдаманың" суреті пайда болды. Оқырмандар оны жергілікті ауыл тұрғындары салған деген болжам айтып отыр деп хабарлайды YK-news.kz.

Ерекше аялдамалардың суретін оқырмандардың бірі желі жүктеген. Ол онда:
"Мына нысанды не деп ойлайсыздар? Сенбейтін шығарсыздар, бірақ бұл Шемонаиха ауданындағы аялдамалардың бірі", - деп жазған.

Желі қолданушыларының көбі бетоннан тұрғызылған нысанды аялдама деп жорыған. Олардың пайымдауынша, ауыл тұрғындары оны жол бойына, аялдама ретінде әдейі қоюы мүмкін екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755360-aaldamany-siky-osy-sko-dagy-erekse-nysan-kpti-kyzu-talkysyna-tsti-foto/