Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі ірі ЖОО ұстаздарын 20 жыл тұрған үйлерінен қуып жатыр

Опубликовано:

Алматыда екі ірі университет мұғалімдерін жиырма жылдан бері тұрып келген жатақханасынан шығармақ. Сотқа арызданған ұстаздарды қызметтерінен де босатып жіберген деп хабарлайды "Евразия" арнасы.

Фото: "ЕВРАЗИЯ" арнасынан кадр
Фото: "ЕВРАЗИЯ" арнасынан кадр: UGC

Қазір АТУ мен ҚазҰАУ-дың 24 ұстазы "жатақхананы бермейміз" деп сотқа арыз жазыпты. Содан кейін оларды басшылық жұмыстан да шығарып жіберген.

Сәтпаев атындағы университеттің бұрынғы оқытушысы Гүлнара Керімбекова сонша жыл еткен еңбегінің зая кеткеніне күйінеді.

11 сынып бітіретін баласының барын айтқан ұстаз жұмысы мен тұратын баспанасынан айрылғанын алға тартып, қайда барарын білмей дал болуда.

Ал қызметкерлері шу шығарған университет басшылығы жатақхананы сотпен болса да қайтарып алатындарын ашық айтты.

"Олармен ғана емес, басқа ұстаздармен де келісім-шарт бұзылған. Олар жатақхананы қайтаруға міндетті. Біз жатақхананы студенттерге береміз", - дейді аграрлық университетінің өкілдері.

ҚазҰТЗУ-дың қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Айнұр Исаеваның айтуынша, мұғалімдер конкурстан өте алмай қалыпты.

Ал олар жұмыстан шыққан соң, бұрын қызмет атқарған орынның жатақханасында өмір сүре алмайды екен.

"Ол университеттің жеке меншігі. Біздің өзімізге жатақхана жетіспей жатыр. Сондықтан оны жекешелендіре алмаймыз", - деп қысқа қайырды Айнұр Исаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755707-almatyda-eki-iri-zoo-stazdaryn-20-zyl-trgan-jlerinen-kuyp-zatyr/

pixel