Алматыда ақыл-есін жоғалтқан әжейлер табылды (фото)
Опубликовано:
Алматыда ақыл-есін жоғалтқан бес әжей қайта оңалту орталықтарында өзінің жақындарын күтуде деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қариялар үйлеріне қайтқысы келгенімен, өздерінің жақындары немесе мекен-жайы туралы бірде-бір ақпарат білмейді.
"Үйіме қайтқым келеді. Альфа мені күтіп қалған шығар. Үнемі менің жанымда жататын еді", - дейді Любовь Харламова
Бес әжейдің де жасы 60-тан асқан. Олардың барлығы немерелері, балалары барын айтқанымен әзірге әжейлерді ешкім іздеп келмеген.
Қазір оларға арнайы бөлме бөлініп, қарияларды мамандар күніне 4 рет тамақтандырады.
Жанна Жақыпбекова есімді қызметкердің айтуынша, олар күнде таңертең үйлеріне қайтқысы келетінін айтады екен.
"Егер бұл кісілерді танысаңыздар, жақындарын білсеңіздер бізге хабарласыңыздар", - деді Жанна Жақыпбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756278-almatyda-akyl-esin-zogaltkan-zejler-tabyldy-foto/