Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әйелін кранмен күтіп алып, елді шулатқан азаматқа жұбайы егіз қыз сыйлаған

Опубликовано:

Атырауда перзентхананың төртінші қабатына кранмен көтеріліп, жұбайына ән арнап, желіде қызу талқыға түскен ер адамның кім екені белгілі болды. Ол алты баланың әкесі шоумен Қуандық Досболат деп хабарлайды 31 арна.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: UGC

Отағасының сөзінше, ол өзіне төрт баладан кейін егіз қыз сыйлаған әйелін ерекше қуантқысы келген. Сөйтіп, шоу жасаған.

Қуандық Досболат әкесінің егіз болғанын, оның ұрпағында егіздер болса деген тілегінің орындалғанын айтады.

Сондай-ақ ақтаулық тұрғын елді шулату ойында болмағанын, егер біреуге ыңғайсыздық тудырса, ақ халаттылардан, онда жатқан аналардан кешірім сұрайтынын айтады.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрны желіде перзентхананың төртінші қабатына кранмен көтерілген әкеның видеосы тараған еді.

Дерекөз 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756303-atyrauda-jelin-kranmen-ktip-alyp-eldi-sulatkan-azamatka-zbajy-egiz-kyz-syjlagan/

pixel