Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық түрмеден қашып кеткен қылмыстық топ басшысы Қырғызстаннан ұсталды

Опубликовано:

ІІМ-нің қылмыстық милиция қызметінің өкілдері 4 қыркүйек күні Қаракөлде қылмыстық топ басшысы Жұлдызбек Бекмұрзаевты тұтқындады. Ер адамға Қазақстан мен Қырғызстан құқық қорғау органдары іздеу салған болатын деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC
"Арнайы операция бір ай бойы жүзеге асырылды. Тұтқындалу кезінде Қылмыстық топ басшысынан 20 жәшік гашиш анықталған " , - деп айттып тәртіп сақшылары.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полицейлер ер адамның басқа қылмыстарға қатысын тексеруде.

"Жұлдызбек Бекмұрзаев аса ірі қылмыстық топтың басшысы. Олардың мойнында қытайлық кафе мен діни қызметшісінің үйіне шабуыл, ақша айырбастау пунктерін тонау сияқты қылмыстар бар." , - деп айтты құқық қорғаушылар.

2017 жылы Бекмұрзаев Қазақстан шекарасынан заңсыз өткені үшін тұтқындалған болатын. Түрмеге тоғытылған ол кейіннен абақтыдан қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756465-kazakstandyk-trmeden-kasyp-ketken-kylmystyk-top-bassysy-kyrgyzstannan-staldy/

pixel