Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады

Опубликовано:

Желтый листок на ветке крупным планом
Фото: pixabay.com

Бүгін Қазақстаның кей жерлерінде жаңбыр жауады, ал оңтүстікте найзағай күтіледі. Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп, батыс өңірін тұман басады деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күшейіп 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с ұйытқиды..

Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

 Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756524-bgin-kazakstanny-basym-bliginde-zel-tryp-zabyr-zauady/